Сая Қасымбек. Марқасқа Мархабат

Jul 10, 2025 - 17:47
Jul 10, 2025 - 19:06
 14
Сая Қасымбек. Марқасқа Мархабат

«Ұрпағымыз менің мына бөркіме ұя салған қайран қарлығаштың балапанындай қанаттанып ұшар болса, елдің арасынан әлі талай Әз Тәукедей хан туар. Қазыбек пен Әйтекедей би, сендей ақын, Бөгенбай мен Қабанбай, Өтегендей батыр шықпас деймісің?! Бұршақтан басып қорғап, тақырдағы ұясын тастай қашатын бетпақ торғайдай болмайық».
М.Байғұт, Ш.Орынбай
«Қарлығаш әулие – Төле би»

«Ұлтты танығың келсе – театрына бар» дегенді әйгілі Гете текке айтпаса керек. Иә, ұлт мінезін, тарихын тану үшін Кейіпкердің театр сахнасындағы толғанысынан байырғы кезең мен бүгіннің арасындағы тылсым байланысты көресің, қосыла тебіренесің. Әлбетте, автор пьесаның жанжарасын дөп басып, драматургиялық кілтін тапса... 
«Жақсы мен жайсаң» деген теңеу сөз Мархабат ағаның бойына жымдаса жарасымын тауып, болмысын биіктетіп, сағымға айналған бейнесі уақыт таразысына өшпестей қалам тасын салғанын көргенде, сахыныштың ескегін еседі екенсің. Тақырыпты алу бар да, идея көрермен көкейіне жеткізетіндей қақтығысқа толы оқиға желісін құру бар. Әсіресе, қақтығыс барысында көне дестүрді ұлттық мінезбен ширата өру өте маңызды роль атқарады. 
Проза жанрының майталманы М.Байғұттың Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры сахнасында қойылған пьесасына тоқталсам, Мархабат ағаның әр пьесасында дәстүр мен оқиға барысы «сұлу қыздың бұрымындай жарасымды өрілгенін» көресіз. Тамсанасыз. «Қақтығыстың соң немен аяқталар екен?..» деген оймен ынтыға түсесіз.
Драматургтің шеберлігі – қойылым басында алынған оқиғаның шымыр өріле отырып шарықтау биігіне жетіп, соңғы нүктеге көрерменін жалықтырмай, құлдырамай жеткенінде. Қазақ әдебиетінің жанрына кенжелеп қосылған драматургия жанры қоғамда өткен саяси өзгерістермен тікелей байланыста өрбіді десем, қтелеспеймін деп ойлаймын.      
Мәселен, М.Байғұттың драматургиялық туындылары – қоғам айнасы десек болғандай. Драматургтің туындысынды: байырғы тарих пен бүгінгі тарихтың кезеңі бөлек болғанымен оқиға желісі бір – ұлт тағдыры. Қазақ халқының кезеңімен кешкен қасыретін біріктірген «Тәуелсіздік» екені әр пьесасында жайнайқайын салып тұр. «Дейінгі» мен «кейінгі» деп карай алмайсың. Зарзаманның қаны сорғалап тұр.     
Режиссер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Әскер Құлданов ағамыз сахналахан М.Байғұт ағамыздың жазушы Ш.Орынбекпен бірлесе жазған «Қарлығаш әулие – Төле би» тарихи драмасында қазақтың Бас биі Төле биге (ст. Қазақстанның Мәдениет қайраткері Е.Шымырқұлов) Қалдан қонтайшының уәзірі (ст. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Ілиясқаров) келіп, «Жоңғармен арадағы достық үзілмесін десең, күллі қазақтың тұтқасын ұстаған үйсін Төле би, ет жақын бір бауырыңды немесе өз кіндігіңнен туған бір балаңды Қалдан қонтайшыға – мына менің өтеніме жібер. Сонда ғана еліңе тыныштық, жеріңе тыным болады», – деген сәлемін жеткізеді. Төле бидің: «Қалдан ханның шабынында Қожабек деген ұлым, табыным малым кетіп еді. Қонтайшының соны місе тұтпағаны ма? Жоқ әлде «тағы да бұқтыра түс қазақты» деген әзәзілдің сөзін құптағаны ма?», – деген уәжіне: «Төле би, Қожабек – қолға түскен тұтқын. Екі елдің арсындағы елдеспекке жүре алмайды. Қазақтың төбе биі қандас адамын кепілдікке жіберсе ғана баласын қайтаруды ойланам», – деген талабы арқылы қатал заманның қатыгез Дала Заңын, ел тыныштығы үшін бұған дейін де ұлы Қожабекті кепілдікке бергенін билеміз. 
«Жауласқан екі ел арасына Кепілдікке бауыр еті баласын беру» деген бабалардан жеткен Дала Заңын бүгінгі көрермен біле ме?.. Бауыр еті баласын жауына кепілдікке беру үшін дәті қаншалық мықты болуы керек?!. 
Махаббат жүрегін жаулахан, желкілдеген бозбала ұлы Жолан (ст. О.Мұсабеков) жау ордасына кепілдікке кеткісі келмей, күйеулікке ұрын баратынын көлденең тартқанда Төле бидің: «Жарығым–ай! Сен сиақты бозбаладан демелі талай қалыңдықтың жау қолында кеткенін білесің ғой? Ел арасына бейбит күн орнатпасақ, әлі талай қазақтың қызы зар еңірер», – деуі үшін әке жүреги қаншалық тілгіленіп, іштей зареңіреуі керек?!
«Ұлт құндылығы құлдырамасын десек – Дала Заңын ұмытпауымыз керектігін» М.Байғұт пьеса арқылы стабильл ұрып жеткізді. Жиырмасыншы ғасыр қазақ сахарасына, жайын жатқан халқына жақсылығы мен қасыретін қатар әкелді. Иә, жаппай білімге, колхоздандыруға жұмылдырғаны құба-құп болғанымен, Алаш айдындарын орып түсіріп есесін алған саясаты қалай ұмытылсын?.. Сонау 1937-нің қасыретін айтпағанда, кешегі Ауған соғысы мен Желтоқсан оқиғасы қаншама қазақ боздақтарының тағдырына балта шапты деңіз?..
М.Байғұттың кеңес одағы кезеңіндегі алыста жатқан Ауғаныстан билігін қорғау үшін желкілдеген жастарымызды құрбандыққа шалған солақай саясатының құрбандарына арналған «Бозторғайдың ұясын» драмасын сахналаған режиссер, Қазақстанның халық артисі Е.Уразимбетовтің қойылымында: құлынтайдай ойнақтап әскерге кеткен Серікжанның (арт. О.Бекманов) қызыл террор қолдаған «боздақтардың етшеккішіне» айналған Ауғаныстан соғысына тап болып, еліне коляскаға таңылып келген қасыретін автордың қаншалық жүрегі езіле отырып жазғанына куәгер болдық. 
«Сүйіктісі Айгүлді (арт. Қазақстан мәдениеет саласының үздігі Б.Қожамұратова) аяулы жар етіп кеудесіне баса алмайтын күйігін айдаладағы бозторғаймен бөліскен қасыретіне еңіреген Ананың (Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қ.Рахымбердиева) зарына кім жауапты?.. Айдаладағы Ауғаныстанның қазақ жастарына қаншалық қатысы бар еді?!.», – деген жанайқайға жауап алғысы келген драматургтің жандүниесімен бірге егіле жоқтайсың.
«Жыырмасыншы ғасырдың «орыны опырылыған ақтаңдақ» Желтоқсан оқиғасы жайлы қаншама ктно түсіріліп, қаншама қойылым саналанды, әнге қосып жоқтады», – десек те, орны толмас қасырет болып тарих бетінде қала бермек. 
Шанин сахнасында бірнеше дүркін қойылған М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» заманауи драмасы 2021 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Құрманғожаевтың режиссерлігімен жаңа формат талғамы биік көрерменмен қайыра қауышқан болатын. Ұлт тағдырынан бейтарап қалмай, азаттықты аңсаған жастармен бірге алаңға шыққан таланты студент Жұрнақтың (ст. Б.Сегізбаев) бесқаруын сайланған кеңесының соққысынан алған зақымнан жүйке ауруына шалдығып, есінен адасқан талайлы тағдыры – қазақтың басынан кеңестің шоқпары арылмаған қасыретін ашына жеткізді. 
«А-а-а-а! Алма-а-а! Ала кетши мені, Алма-та-а-а-ай! Мен... Мені бұл дүниеде жынды Жұрнақ дейді. Мен... Мен... Мен... Мына дүниеден ша-шар-ша-ды-ы-ым... Ұшамын мен...Ұшармын да кетермін. Сахан жетип хонармын... Сенимен бірге. Алма-а-а-а! Ал-ал-ал...», – деп Жұрнақтың сахнада жанұшыра жүгіргенін көргенде, есі ауған Жұрнақты емес – қоғамның қысымынан, кеңестің темірқұрсауынан шаршахан Жұрнақты көресіз. Екіжүзділікти, керенау бейтараптықты көргисі, білгісі келмейді. Өзінен басқа да «Жұрнақтардың» саясаттың құрбаны болғанын қабылдайды. Дерменсіздігіне үйінеді. Болашақта халқына берері мол Жұрнақтың күйіне егілген көрермен кеңестің жауыз саясатына Кейіпкермен қо посылает нәлет айтты. 
Отыз жылдан аса бейбит, еркін, бағымсыз өмір өтіп жатқан бүгінгі жас көрерменге М.Байғұтты «Жоғалған Жұрнақ» драмасы: қазақ жастарының қанымен келген Тәуелсіздіктің қаншалық қымбат екенін жеткізіп, жын жаңғыртты.
Кеңес үкіметінің қасыреті Жұрнақпен шектелмеди. Жұрнақтармен жалғасты. Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздікти жоқтаған жастармен қатар, қазақтың өркендеуі жолында жан аямай еңбек етип жүрген ұлт қаймақтарын да сылып салды. Желтоқсан қасыреті Алматы алаңымен шектелмеди. Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздікти жоқтаған жастармен қатар, қазақтың өркендеуі жолында жан аямай еңбек етип жүрген ұлт қаймақтарын да сылып салды. Желтоқсан қасыреті Алматы алаңымен шектелмеди. «Қазақ жастарын кеңес саясатына қарсы итермелеп, желтоқсан қақтығысын ұйымдастырды» деген жаламен Шымкент қаласының өркендеуі мен гүлденуіне ерен еңбек сіңірген қоғам қайраткері Асанбай Асқаровты Мәскеудің тасқамауына қамап, қинағаны жайлы «Асқаровтың аққайыңдары» заманауи драмасы Мархабат ағаның ұлт тағдырын қаламынан тыс қалдырмаған ұлтжандылығын айғақтап тұр. 
А.Асқаровтың (ст. Қазақстанның Мәдениет қайраткері Е.Шымырқұлов): «Баукеспелердің зорлығы. Надзирательдердің қорлығы. Тергеушілердің басынуы. Қылмыстыға да, қылмыссызға да қылмыскер деп қарау. Бұдан артық не истемексің сен, Калиниченко?! «Казахское дело» дейді. Сандырақ! Қазақстан СССР мойнына миніп келген дейді. Жаланың ең үлкені, сорақысы – осы! Қиратамыз дейді. Қазақты, Қазақ елін талай империялар құртып жібермек болған. Құрта алмаған» деген сөзі арқылы сонау «37-нің алапатынын» басталған қазақ айдындарының зарын мәртебелі сахна төренен «Ұлт азаматтарының өткен жолын ұмытпа!..», – деп бүгінгі көрерменге аманат етіп тұр.           
Мархабат ағаның өмірде қарапайым ұстанымы, зиялылығы жайыында талай жан қалам тартары сөзсіз. Мужчины, Мархабат ағаның драматургиядағы шыншылдығын, ұлт тағдырына әрдайым тақым қысқан ұлтжандылығын қаламынан төге білген шеберлігін айтқым келді. 
Әдебиет жанрының марқасқасы – драматургия десек, асау жанрға қаламын жасқанбай салған «Марқасқа Мархабат Байғұттың сахна төрінде ұлттың «өткені мен бүгіні» арасына алтын көпір салғанын дер кезинде бағалай алдық па?», деген сұраққа тірелеміз. Сөз басында пьесы кейіпкері Төле бидің аузыка салған отты сөздер – бүгіннің басты тақырыбына айналғанына қап, драматург Мархабат Байғұттың уақыт тілінен о білгеніне қайран қаласың. Тұщынасың. Тамсанасың. Шынайы қаламгерлік қасиеттің парқы да сонда; уақыт қапталынан салмағы жаншылып жатқан жанайқайды суырып ала білген ұшқырлығы, көзі кеткенімен – Өзі кетпейтінін дәлелдеді.