Мұхаммед Юсуф. Жаңа ғасыр – арлы ғасыр бол енді
Өтініш – Басымда жылама ұзақ ! Лолажаним, Лолақызғалдақ!..

Мұхаммед ЮСУФ – өзбек ақыны. 1954 жылы Өзбекстан Республикасы Әндіжан облысы Мархамат ауданына қарасты Қовунчи қышлағында дүниеге келген. Ол орта мектепті тәмамдаған соң, Ташкенттегі орыс тілі мен әдебиеті институтында білім алды. 1978 жылы аталмыш оқу орнын бітіргеннен кейін Өзбекстан Кітапсүйерлер қоғамында еңбек жолын бастайды. «Тыңда, бұлбұл», «Таныс теректер», «Ұйқыдағы ару», «Халима ананың әлдиі», «Махаббат кемесі», «Көңілімдегі жан», «Ерке киік», «Аспаныма алып кетемін» атты кітаптардың авторы. Мұхаммед Юсуф 2001 жылдың 29 шілдесінде, 48 жасында өмірден озды.
Қалау
Көздің жасы дария болды дүние,
Тама-тама ада болды дүние.
Тыныштықты сағынған бұл жүректер,
Соғыстардан жара болды дүние.
Жүзің жайнап, ай толғандай тол енді,
Жаңа ғасыр – шаттық ғасыры бол енді...
Құшағыңа сәби ғұмыр енеді,
Артымыздан тәй-тәй басып ереді.
Асыл тастар сұрамайды балалар,
Олар үшін ашық аспан керегі!
Жаңа ғасыр – мұңға берме жол енді,
Балалықтың тәтті ғасыры бол енді!
Көзің салып жан-жағыңа қарашы,
Әр адамның басқаны өз даласы.
Баққа шомдыр, жайнасын бұл дүние,
Бір-ақ рет жасайды адам баласы.
Ғасырлардың нұрлы ғасыры бол енді,
Жаңа ғасыр – арлы ғасыр бол енді!
Қараңғыдан көзін ашар өз елім,
Екі аяғын теңдеп басар өз елім.
Бөлек тартпай, бірге ұйысып ұлт болып,
Дүниеде мәңгі жасар өз елім.
Жаңа ғасыр – маған қолың бер енді,
Бұзылмайтын бірлік ғасыры бол енді.
Ташкент
Күндей нұрлы қаласың, жазы гүлді.
Тыңдаймысың сен менің арызымды.
Қырық жыл құл болсам да босағаңда,
Өтей алар ма екенмін қарызымды.
Аппақ таңың себеді жаныма нұр,
Ғажап күндер сендегі орала ма?
Бар шаһардың жисаң да аруларын.
Сұлулардай сендегі бола ала ма?
Сенен назым бөлектеп сұрағам жоқ.
Жастығыма қанбады, сірә, шөлім.
Жолдарыңа көз жасым құлаған көп.
Алғашқы махаббаттың куәсі едің.
Сабыры сүйген жанның бар қашанға?
Мейіріңді аңсаумен жан езілді.
Сұлуларға қанша өлең арнасам да,
Сүйген емен, сүйгендей дәл өзіңді.
Жейдемді қанша жуғам жауыныңа,
Шет кетіп,
Сағынып шөлдегем шын.
Бар адамды тартасың бауырыңа,
кеудесінен итеріп көрмегенсің.
Жаным сауға жақсыңа, ардағыңа
Жаманыңа құрметім білдіремін.
Арманымды жалғағам арманыңа.
Сенсіз менің хәлімді кім біледі?
Бақытымды тапқанмын саған келіп.
Сені сүйген жан болса, жаным құрбан,
Мені ақын қылған өзің, қалам беріп,
Көшеңде жүрсем дағы сағындырған.
Жүрек
Қайғым есік қағады.
Қанды көзін бұлады.
Жаным болды жаралы,
Өзің болдың кінәлі.
Ару сүйдің болды арман,
Жаным мұңлы толғанған.
Жұлып алып кеудемнен,
Құтылсамшы жалғаннан.
Дос тұтқаның жау болды,
Кеуде тұсым қан болды.
Сен түйресең кеудемді,
Отқа оранып жол қалды.
Аруларға құштар боп,
Суық тасты құшқам көп.
Сүйген жарым болды арман.
Құшағыма қысқам жоқ.
Сен тәрк етсең кеудемді,
Менен кетіп, көшер мұң.
Жағалауда құм кешіп,
жалғыз ғұмыр кешермін.
Қайғым есік қағады.
Қанды көзін бұлады.
Жаным болды жаралы,
Өзің болдың кінәлі.
Лолақызғалдақ
Не қалар менен?
Екі жол өлең мен екі қап кітап,
...бір уыс топырақ,
адамдар артымнан,
не десе дағы,
мен сені ойлаймын,
құласа жапырақ.
Лолажоним,
Лолақызғалдақ!
Мен кетсем, жаманнан жырақ бол, дәйім,
Көрікті жаны ізгі,
ұқсайсың гүлге сен.
Түнекте бір күні –
жарқырар нұрдайын,
Ал, жаман жақсыға айналмас,
білмесең...
білмесең көңілің лай сынды былғанбақ,
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Көз іліп жатырмын,
сезіп көк әлемін.
Қанатты достарым жаудырып барады,
Жаралы шайырға қоштасу сәлемін?
Сәлемі жанымды тондырып барады!
Бар енді, мен үшін қол бұлға,
(қанат қақ!)
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Сен кешір жарығым,
Күзете алмадым...
Күз келіп бұл елде
мереке басталды,
Бір қызымды да ұзата алмадым.
Жанарда мөлдіреп ып-ыстық жас қалды.
той көрмей өту,
тағдырдан болмақ!
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
О,бірақ
Көңілім сезеді, менсіз де,
үйіме сауықшыл адамдар толады.
Сол күні тойларын жасайды ғаламат,
Қыздарым менің бақытты болады.
Келіндер көйлегі рухымдай аппақ,
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Гүлім, қасыма келші!
қарашы жалған, ә!
Біреуге жетпейді сарайы, байлығы,
Ал маған ауа жетпейді, сол ғана.
Сондықтан еншілеп келемін қайғыны.
Тірілер ұйқыда,
Өлілер ояу!
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Көкірек жануда,
кеудемді от шалып,
Докторға айтыңыз жарып-ақ жіберсін.
Бұл тәнім өз досы – жанынан танбақта,
Бейшара жан енді, қай маңды түнерсің?
Ендігі аспан жақын
Енді жер жырақ...
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Мұны «өмір» деп атар,
Ұмытпа ешқашан.
Бір күні ашылып,
Бір күні соласың.
Жаныңда тек сенің өткіздім өмірді,
Қабірім басында тек өзің боласың.
Сен біздің сүйімнен естелік, шырақ,
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Әйел жаныңмен,
Отты кеш, суды кеш.
Қайғы алса бақ-құсың ұшпасын басыңнан.
Ілеспе қаншама тартса да мұңды көш,
Қолдарын сілкіп қаш, мойныңа асылған.
Олардың қолында әрқашан сұм тұзақ,
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Басыңа күн туса,
Мұқаммедке бар,
Шайырлар ішінде сол ғана сенгенім.
Шараптан аларын айтпасаң,
көңілі –
тұп-тұнық,
періште жан еді жердегі.
жүрегі ол жанның сарғайған жапырақ.
Лолажаным,
Лолақызғалдақ!
Жан қайдан табады мекенін, жарығым,
Мен десем,
жүректің түбінен дер едім.
Езілме ел алды,
ертеңгі таңда мен,
Өзіңді өбектеп,
құшақтап өлемін...
Өтініш –
Басымда жылама ұзақ !
Лолажаним,
Лолақызғалдақ!
Лолам..
Жаным
Аспанда ақ қанат құстаймыз, жаным
Қайғы алма, мұң-зарды ішпейміз, жаным.
Ешкімім жоқ менің, ақиқи дүниеде,
Бәрібір пейішке түспейміз, жаным!
О, жарық әлемге кім жасар тойып
Бұл өмір өтеді кірпігің қаққанша.
Анаңның баурына басыңды қойып,
Балаңның көзіне күлімдеп баққанша!
***
Қолыма алмай төгілді гүлім,
Суға түсті де, ақты да кетті.
Айым тумады сүйгенім бүгін,
Өзегімді өртеп жақты да кетті.
Келіңдер бәрің көңілімді сұрап,
Жабығып жалғыз сағына бердім.
Мен сезімімді гүлдермен орап,
Өртеніп кеткен жаныма көмдім.
Махаббатым-ау, рас бағым ба едің?
Қарашағысың көзімнің.
Ақтарып айттым, аспаным менің,
Дертін бар ішкі сезімнің.
Тағдырым менің сенімен бірге,
Көнейін мейлі жазбаса бегім.
Ақша бұлттармын жеріген түннен,
Ақ жауындар ма?
– Көз жасым менің...
Қолыма алмай төгілді гүлім,
Суға түсті де, ақты да кетті.
Айым тумады сүйгенім бүгін,
Өзегімді өртеп жақты да кетті.
Бақытты боламыз
Мейлі ғой кімдерге, сынай қараса.
Оларға қосылып жабығар ма едік?
Бақытты боламыз құдай қаласа,
Қаламаса егер, жолығар ма едік?
Райхан гүліндей жұпарлы әлемнен.
Күт мені және де бір айды туған.
Жарығым, жылама «күнәм не» деумен.
Күнәңіз сені анаң шырайлы туған.
Жүрек алауы сөнбей мұздарға,
Жүрегіңіздің шетіндемін мен.
Бір өзің айтшы сендей қыз бар ма?
Кірпіктері ұзын кекілдеріңнен.
Үлбіреп тұрды үміттің гүлі
Жаным мұңлылау сыңар әуенге.
Сүйеді сені жігітің мыңы.
Ал сен жалғызсың мынау әлемде.
Мені көп қыздар сүйеді-ау әлі,
Мейлі ғой кімдерге сынай қараса.
Екеуміз жайлы біледі бәрі.
Бақытты боламыз құдай қаласа,
Қаламаса егер, жолығар ма едік?
Ақын хаты
Шемен боп сыздатады шер дегенің,
Сезімім қалып кетті сенде менің.
Жар-жар айтып жетектер жеңгелерің,
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Түсімде де жүрегім тыншымады.
Ферғана жақтан ыстық күн шығады.
Білмеймін мен алдымнан кім шығады.
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Елден жырақ жолымды салып кеттім,
Толқыны ұрған дарияға ағып кеттім.
Жағалауда жалғыз-ақ қалып кеттім.
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Мұнда әлі кек кернеген дұшпандар бар,
Бауырым деп баурына қысқандар бар.
Сүйем деп қара жерді құшқандар бар.
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Қыз бақытым сұп-суық қолда деме,
Тағыдырымды байлады сорға деме.
Қайда қалдың, шайырым сонда деме.
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Жолымды бөгеп тосты, алдан көшкін.
Қанды кештім жолымда, сор да кештім.
Мен сен үшін жырақта жаннан кештім.
Кешір мені, тойыңа бара алмаймын.
Әке
Арманым бар, жалғанда арманым бар.
Шөлге біткен жап-жасыл орманым бар.
Қызғалдақтай құлпырған бұл жалғанда.
Әкемдейін мызғымас асқарым бар.
Әке десем, өз ділім өртенеді,
Күнім өрт, ай мен жылым өртенеді.
Басына қойған гүлім өртенеді.
Түтінге толып кеткен аспаным бар.
Пейіштен ескен самал, тербетеді.
Тербетеді, кеудемнен шер кетеді.
Көк аспаным көз жасын көлдетеді.
Татарға әлі алдымда талқаным бар.
Адам болып, адамға жау болған бар.
қара ниет, қолдары қан болғандар.
Жүрегімді жаруға қамданғандар.
Қабірден қолын созған қалқаным бар.
Әкемнің көзі менмін, қайғырмаймын...
Жаныма жат жаманға қайрылмаймын.
Өлгенімше мен одан айрылмаймын.
Әкемдей болып кеткен иманым бар.
Арманым бар, жалғанда арманым бар.
Шөлге біткен жап-жасыл орманым бар.
Қызғалдақтай құлпырған бұл жалғанда.
Әкем болған... әкем бар иланыңдар.
Ана
Мені ойлаған алаң бар гүл өңіңде,
Мені сақтап келесің жүрегіңде.
Не бардың бәрін көріп, бірақ, ана
Ташкентке кеп көрмедің бір өмірде.
Аяғыңа тұсау сап оралдым ба?
білмедім саған бала бола алдым ба?
Жайым жоқ жұрт алдында көп тасынар,
Жалаң қолмен сен едің шоқ тасыған.
мен сыйлық бермеген қыз жоқ та шығар.
Айтшы өзіңе бір болсын гүл бердім бе?
білмеймін саған ұл боп үлгердім бе?
Жанарыңнан құлаған жас жүдетті,
Мейірімді сеземін сенен ғана.
«Балам» дейсің, жібітіп тас жүректі.
Ал менің ойлағаным өлең ғана.
Мен деген ақын емес, қара таспын.
Балаңмын ба, жараңа жара қостым.
Қайғыңа қайғы қостым, жеңілмепсің.
Өтелмеген қарызым менің көп шын,
Жаныңды езген жалғанда шерің кетсін.
Бақыт келіп өзіңнің қолыңды өпсін,
Сенсіз ғаріп көңілім, көңіл ме, анам?
Бала боп, жарытты ма сенің балаң?
Жылайтын шығар
Бағыңды тұлдап таласқан жанға,
Құлазығаның ұнайтын шығар.
ағатай, біздің адасқан жолда.
Түн іші құстар жылайтын шығар.
Аналық торғай кеткенін тосып,
Биіктен көңілі құлайтын шығар.
Ескі ұясынан өткенін тасып.
Жыласа құстар жылайтын шығар.
Бақытсыз жандар шын күле де алмай,
Тозаңдай бақты сұрайтын шығар.
Көз жасын бізге білдіре де алмай.
бейуақ құстар жылайтын шығар.
Көбелек қонар алақаныма
Айтар ем саған бәрін жасырмай.
Сенеді көңлім таң атарына.
сағынып келіп қарындасымдай.
Көбелек қонар алақаныма.
Қолдарын маған созып қара түн,
Тырнайды мұңлы жара тәнімді.
Сипаймын сонда нәзік қанатын.
Сүйеді ол да алақанымды.
Бір күні бейуақ сағынып келіп.
Көбелек қонар алақаныма.
Өзбек тілінен аударған
Мехриддин ӨТЕГЕН