«Аңғал-саңғал Арқаның ақындары-ай»

Ай, аңғал-саңғал Арқаның ақындары-ай! Қадірлеріңді ешким білмей қойды-ай сендердің...

Jul 10, 2025 - 18:06
Jul 10, 2025 - 18:52
 2
«Аңғал-саңғал Арқаның ақындары-ай»

«Адам өледі, бұл әлі жарты қайғы. Бұдан да жаманы ониң қапыда өлетіні, мое, мәселе осыда», – дейді Михаил Булгаков. Расында, кемеліне жетіп, сақалы мен самайын қырау шалмай жатып, талай тағдыр қапыда қиылып кетті. Дәл солай арманда кеткен Алаш арыстарының мұрасын қотара оқып, отты да назды, мінезді де нәзік өлеңдерімен көпке танылған ақын, ұстаз Қайрат Асқар да 2025 жылдың тоғызыншы маусымында соңғы сапарына аттанып кеткен еді. 
Қаламын серік қылып, Қарағандыда бетгеден биик, жусаннан аласа жүріп күн кешкен, бергенінен берері, жазғанынан жазары көп ақынның қазасы қазақ қаламгерлері мен оқырмандарының қабырғасын қайыстырып кеткені рас. Бала болмысын жоғалтпаған аңқылдаған ақынын жоқтаған дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай өз естелігінде былай жазыпты:
«Ай, аңғал-саңғал Арқаның ақындары-ай! Қадірлеріңді ешким білмей қойды-ай сендердің! Қамқорсыз Қарағандым-ай, өзгеге жуық, өзіңе суық болып, қаншама ұлыңды өзекке теуіп өлтірдің, қаншама еріңді қаңғытып жібердің. Қашан ел боласың сен!
Барлығымыз сені Қайратжан деуші эдік. Өзіңнен жасы үлкеннің бәрі сені осылай еркелетуші еді. Соңғы рет кездескенімде Астанаға көштім... деп едің. Осы сөзіңе күллі ғұмырың мен тағдырың сыйып тұрғандай болып еді. Одан кейин екеуміз кездесе алған жоқпыз. 
Серик Ақсұңқарұлы ағамыздың 75 жылдығына барғанда көзіммен сені іздеумен болдым. Келмеди сеньи деди.  
Әңгімелеским келіп еді. Қазір кең отырып әңгімелесу мүмкін болмай барады ғой. Барлығының қабағына қарайсың... Өзімізден де бар – бір-бірімізге көңіл бөлмейміз. Кейде ойлаймын мен, жаныңа жақын адаммен соңғы рет көріп тұрғандай әңгімелесу керек деп. Қоштасқанда да қатты құшақтап қоштасу керек. Бірақ өйте алмаймыз.Тіршілік қамымен асығып жүреміз. Қайда асығамыз – білмейміз. Әйтеуір артымыздан биреу қуып келе жатқандай үнемі алып-ұшып, асығыс-үсігіс жүгиремиз де жүреміз. Әр сәттің аяулы екенін, әр жүздесудің қымбат екенін, әр кездесудің соңғы болуы мүмкін екенин эш ойламаймыз.
...Қайратжан, сен ақын едің! Ақын болғанда сирек лирик едің. Сенің өлеңдерің мөлдір тұмадай еді. Алайда сенің ақындығыңды өзге де, өзің де бағалаған жоқсың. Осы күнгінің ақындары ақындығын дәлелдеу үшін аянбайды ғой. Кыреседі кәдімгидей, аласады арпалыса, типа ақын болмаса да болмай қоймаймын деп тырмысып жатады. Сен ешқашан ақындығыңды дәлелдеп жанталаспадың. Ешкіммен бәйгеге, атаққа таласпадың. Соныңды біліп алғандар: «Е, Қайрат ренжімейді», – деп саған бәйге бере қоймайтын. Берсе – соңынан беретін. Ал сенен әлдеқайда төмен ақындар бәйге алатын. Оған сенің жаның ауырмайтындай көрінетін. Бірақ ауырған да шығар. Білмеймиз ғой.
Дегенмен, ақындығыңдылдеу үшін күреспегеніңнің дела өзі – ақындық қой. Шын ақын өлермен болмақ емес. Шын ақын тіршиликке бейимделе алмақ емес. Сен бейимделе алмадың. Қарап орырсам, шын ақындар Дарвин теориисиндағы құрбандар тәрізді.
Дарвинның эволюционные теории бойынша жер бетинде тиршил этоттуге бейимделгендер ғана аман қалмақ. XX мен XXI ғасырлар шын ақындарға ауыр, өлеңшилер үшін жеңил болды. Шын ақындар рухани катаклизмдер салдарынан қырылып жатса, осынау аласапыран рухани хаоста ұпайын түгендеп алған өлеңшілердің тасы өрге қарай домалауда. Егер бұлай бола берсе келешекте шын ақын қалмауы мүмкін. 
Иә, шын ақынға, шын өнерпазға, шын ғалымға қазір өмір сүру мүмкін болмай барады. Өйткені бұл заман билікпен ауыз жаласан жеңіл ауыз өлеңшілердікі, ауыз жыбырлатқыш фанерщиктердікі, докторлықты сатып алған ғалымдардікі. 
Сен олай істей алмадың, Қайратжан! Сен өлеңмен ғана өмір сүрдің. Өлең үнемі сенің ішіңде жүрді, бәлкім сен өлеңнің ішінде... Бірақ мұны ешкімге түсіндіре алмайсың ғой. Бәрінің айтатыны – ел құсап тіршілік ет! Ал сен оған көнбедің, Қайратжан! 
1992 жылы Тоқтар Әубәкіров космосқа ұшып келгенде, алдында «Қасымның егіп кеткен шыбығымын» де жырлап едің. Сонда Тоқтар батырдың қолынан бәйге алғанда 16-ақ жаста екенсің ғой. Қайратжан! Сонда саған күллі Қарағанды ​​жалт қарап еді. Тілеуіңді тілегендер көп жирный, тілемегендер де... Сол шыбық бәйтерекке айналар еді. Эрте құлады. Қош, Қайратжан, қош бауырым, бақұл бол!».
Қайрат Асқар – 1977 жылы 13 қаңтарда Қарағанды ​​облысы, Қарқалалы ауданы, Бесоба ауылында дүниеге келген.
Қарағанды ​​қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алып, 1994-1998 гг. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университет в аяқтаған. Аталмыш оқу орнын тәмәмдаған соң, өзі біілім алған Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында абыроймен ұстаздық қызмет еткен. 2003 г. жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлеттік университетінің филология факультет индегі қазақ әдебиетти кафедрасинда оқытушы қызметтін атқарып келеді. Қарағанды ​​қаласының «Болашақ» колледжінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
Халықаралық Лауреат фестиваля «Шабыт». Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері. «Дауыс» атты жыр жинағының авторы.

Ақынның өлеңдері: Қайрат Асқар. Мен өмірді тек түсімде көремін