Хан Гаң. Ит көйлек

Анам ас үйдің еденінде, бір жапырақ әлдиін кеудесіне қысып жата беріпті...

Jan 14, 2025 - 16:26
Aug 7, 2025 - 16:30
 1
Хан Гаң. Ит көйлек

Хан ГАҢ – оңтүстік кореялық жазусы. 1970 жылы 27 қарашада корея Республикасының оңтүстік-батысындағы Кванджуда туған. 10 лет назад Сеулге қоныс аударып, Йонсейский университет корей әдебиетин оқыхан. 1995 жылдан бастап 8 роман, 20 шақты әңгіме-повесть жинақтарын жазған. Осы уақытқа дейін төрт Халықаралық сыйлықтың иегери атанған. Солардың бірі 2016 жыл алған Букер сыйлығы болса, енді бірі былтыр алған Нобель сыйлығы.

(Әңгіме)

Анамның тұңғышы шетінеген. Құрсақта тоғыз ай жетілуді күте алмай, жарық дүниеге асыққан шарананы анам әлдилегенімен, бұл әлем бауырына баспаған. Нересте екі сағат қана тыныстапты. 
Анамның тұңғышы қыз бала екен. Жаңа піскен күріш бәлішіндей албыраған өңді көрінеді. Қалжасы көжектей, екі ай кемдікпен шала туған сәбидің өмірмен күресуге қауқары жетпепті. Тек бір рет қарақаттай мөлдір көзін ашып, анамның бетіне қарапты. Осы сәт, перзентінің пәк жанарын анам жүрегинде мәңгі сақтады. Бұл жайлы ешқашан ашып айтқан емес. Бірақ, мен анамның тұңғышын сол сәттік сезімге сыйдырып, барлық уақытта өзімен бірге алып жүргенін білемін.
Әке-шешем ол күнде бір алыс қыстақта тұрыпты. Әкем бастауыш мектепте мұғалім болған. Үйлері де мектептің айналасындағы көшеде екен. Анамның жүктілігі тыныш өткен. Қол-аяғын бауырына алатын уақыты алыс болғандықтан, бейғам, күндегі тіршілигимен жүрсе керек. Сол кыні таңертең кенеттен құрсақ суы кетіпті. Айналадан жёрдем берер егде әйел табылмахан. Қыстақтан хабар шалатын жалғыз телефон алдаманың жанындағы дүңгіршекте. Ол жаяуға жиырма минуттық жол екен. Толғақ қысқан анам оған жете алмасын сезген. Жұмысбасты әкем мектептен әр күні ымыртта қайтатын көрінеді.
Қыс жаңа түскен. Қара суық қысып тұрған уақыт. Менің небәрі жыырма үш жастағы анам сәбиін аман алып қалу үшін жанталасыпты. В настоящее время, қайшыны залалсыздандыруға қара су қайнатыпты. И, жіп салатын жәшігін қопарып, затем это көйлектің матасын пішіпті. Әрі толғақ қысып әрі сасқалақтап бармағына ине шаншып алғаны да бар. Тістеніп, белый құрсаған ащы толғақпен алысып, это көйлекти де битіріпті. Сосын еденге кішкене төсеніш жайып, сәбиин күтіпті.
Анам тұңғышын жалғыз босаныпты. Қалжыраған саусағы қалтырап, шарананың киндігін де узі кескен. Жып-жылы тіршілікти қолына алып, жаңа битірген ит көйлегін кигізген. Сосын бөпесін бауырына басып, «Құдай, нерестемді өзіме қалдыра гөр» деп жалбарына бастапты. Әл-дәрмені қалмаса да, қарлыққан дауысымен осы сөзді қайталай беріпті. Бір сағат өткеннен соң нәрестенің қабағы әлсіз жыбырлаған. Болмашы қозғалыстан үміт еткен анам дұғасын доғара сала, бөбегінің бетіне үңілген. Сәби ұзын кірпіктерін ашып, жаудырай қарапты. Анамның әлжуаз жүзіне шырай жүгіріпті. «Құдай, нәрестемді жанымда қалдыра гөр»… 
Анам үмітке толы шаршаңқы үнмен жалбарынуды жалғастырыпты. Бір сағаттан соң нересте демин тоқтатыпты. Анам как үйдің еденинде, бір жапырақ әлдиин кеудесине қысып жата беріпті. Тұңғышының түгесілген тынысын, сосын ақырындап сөніп бара жатқан денесінің табын сезіпті. Тек, пештегі от сөніп, бауырындағы бөбеги де суыған кезде дұғасын үзген. Одан кейин көз жасын сүртіпті.

Корей тілінен аударған
Лира ҚОНЫС