Мүгедектігі бар азаматтармен мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті

Мүгедектігі бар азаматтармен мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті

Dec 10, 2025 - 18:15
 3
Мүгедектігі бар азаматтармен мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті
“Ауыл” партиясының Кентау қаласы бойынша аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтармен мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті. Бұл басқосу – ерекше қажеттіліктері бар жандарға деген құрметтің және олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі.
Кездесуге: “Ауыл” партиясы Кентау қаласы бойынша жастар қанатының жетекшісі Бурашов Шоқан Уәлиханұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау комиссиясының төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы, Түркістан облыстық “Ақниет” мүгедектер мен зағип жандар қорының төрағасы Дастан Орынбасаров, “Көзқарас” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.А. Шахапов және ұйым мүшелері, партия белсенділері қатысты.
Жиында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, әлеуметтік инфрақұрылым, қолжетімді орта, медициналық және құқықтық қолдау, жұмыспен қамту секілді маңызды тақырыптар талқыланды. Әр ұсыныс түртіп алынып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты жұмыс жүргізілетіні атап өтілді.
Бұл — жай кездесу емес, әрбір азаматтың тағдырына бейжай қарамай, қоғамда шынайы өзгеріс жасауға бағытталған ортақ қадам.
“Ауыл” партиясы әлеуметтік әділдікке, инклюзивті қоғам қалыптастыруға және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын кеңейтуге әрдайым басымдық береді. Осындай кездесулер өзара түсіністікке жол ашып, алдағы игі бастамалардың жүзеге асуына негіз болады.