Мәулен Әшімбаев: Ұлт мүддесінен бәрінен биік қойған суреткер
Мархабат Байғұттың ұлттық журналистикада да алар орны бөлек...

Құрметті салтанатты жиынға қаты-сушылар!
Сіздерді көрнекті қаламгер, журналист, қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған жиынның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мархабат Байғұтұлы – саналы ғұмырын қазақ руханиятына арнап, осы жолда айқын қолтаңбасын қалдырған ерен тұлға.
Жазушының қоғам шындығын бүк-песіз баяндайтын шығармалары қашан да төл әдебиетіміздің төрінен орын алған қымбат қазына саналады.
Соның ішінде «Шілде», «Әдебиет пәнінің періштесі», «Іштарлық пен құштарлық», «Серт пен сенім» сияқты туындыларды айрықша атап өтуге болады.
Мархабат Байғұттың ұлттық журналистикада да алар орны бөлек. Ол Түлкібас аудандық газетінен бастау алған қызмет жолында «Оңтүстік Қазақстан», «Егемен Қазақстан» сияқты ірі басылымдарда еселі еңбек етіп, қазақ баспасөзінің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосты.
Ақпарат министрлігінде және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жауапты қызметтер атқарып, мемлекетімізді дамыту ісінде де табандылығымен танылды.
Әрдайым ұлт мүддесін бәрінен биік қойған суреткердің мұрасын кеңінен дәріптеудің өскелең ұрпаққа берері мол. Осы тұрғыдан кел-генде, бүгінгі іс-шараның өткізілуі және жыл басынан бері арнайы «Мархабат» әдеби журналының жарық көруі ерекше маңызға ие.
Жиынның ашылуымен құттықтай отырып, алдағы уақытта қолға алынатын игілікті істерге сәттілік пен толайым табыс тілеймін!
Мархабат ағамыздың рухы шат болып, есімі ұлықтала берсін!