Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлт руханиятында орны бар тұғырлы тұлға
Қоғамның тыныс-тіршілігін шынайы суреттеп, озық ойлы ұлтқа қажет мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді...

Қадірлі қауым!
Сіздерді көрнекті жазушы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық симпо-зиумның ашылуымен құттықтаймын!
Мархабат Байғұт – ұлт руханиятында өзіндік орны бар тұғырлы тұлға. Ол қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосты. Қоғамның тыныс-тіршілігін шынайы суреттеп, озық ойлы ұлтқа қажет мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда абыройлы қызмет етіп, елімізді өркендетуге зор еңбек сіңірді. Бірқатар беделді басылымда жұмыс істеп, баспасөз саласын дамытуға белсене атсалысты.
Жазушының көркем шығармалары, түрлі тақырыпқа арналған мақалалары мен эсселері оқырман қауымның жоғары бағасын алды. Оның тағылымдық мәні бар туындылары халқымызбен бірге жасай береді. Бүгінгі басқосу қаламгердің рухани мұрасын жаңа қырынан тануға және танытуға ықпал етеді деп сенемін.
Симпозиум жұмысы табысты болсын!