Нұралхан Көшеров: Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер
Облыстың барлық бағытта дамуына күш салып, қоғамның тұрақтылығы жолында да жан аямай еңбек етті...

Құрметті симпозиум қатысушы-лары!
Түбі бір түркі жұртының рухани орталығына айналған қасиетті Түркістанда бастау алған жиынның маңызы жоғары.
Қасиетті өлкеде туып, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгеріне айналған Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы руханият төңірегінде ой қозғайтын талқы алаңына айналады деп сенемін.
Мархабат Байғұт – қаламгерлігімен қатар ақпарат саласында да жемісті еңбек етіп, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер тұлға. Облыстың барлық бағытта дамуына күш салып, қоғамның тұрақтылығы жолында да жан аямай еңбек етті.
Оның бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік», «Ырыс алды – ынтымақ» жобалары елдегі бірлікті, тұтастықты қалыптастыруға бағытталған бірегей бастамалар болатын.
Бар ғұмырын әдебиеттің көкжиегін кеңейтуге арнап, қайталанбас туындыларымен оқырман қауымның жүрегінде қалған жазушының еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау – бізге жүктелген абыройлы міндет.
Осы мақсатта бастауын алған басқосуда қаламгердің шы-ғармашылығы мен қайраткерлігі тұрғысында тың пікірлер мен ұтымды ұсыныстар ортаға салынатын болады.
Біз өз кезегімізде жазушының 80 жылдық мерейтойын облыс көлемінде жоғары деңгейде атап өтуге бар күшімізді салатын боламыз.
Арнайы келген барша әдебиет өкілдеріне, қоғам қайраткерлері мен жазушының замандастарына алғысымды білдіремін.
Симпозиум жұмысына сәттілік тілеймін!