Нұрлыбек Нәлібаев: Журналистика мен прозаны тең ұстаған қаламгер
Жазушының шығармашылығында қазақ ұлтының дархан пейілі боямасыз бол-мысы, жанының кіршіксіз тазалығы көрініс тапқан...

Құрметті симпозиумға қатысу-шылар, қадірлі әлеумет!
Қасиетті Түркістанда көрнекті жазу-шы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы-ғының лауреаты Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықаралық симпозиумның ашылуымен құттықтаймын.
Бұл басқосуды түркітілдес халықтарының ынтымақтығын нығайтуға, әдеби байланыстарды дамытуға қосар үлесі зор. Түбі бір туыстас елдердің әдебиетшілері мен қаламгерлері, Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысатын іс-шараның, жастар арасындағы шығармашылық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Мархабат Байғұт журналистика мен прозаны тең ұстаған қаламгер. Қазақ прозасындағы орны бөлек, өзгелерге ұқсамайтын мақамы оқырмандарды өзіне бірден баурап алады. Жазушының шығармашылығында қазақ ұлтының дархан пейілі боямасыз бол-мысы, жанының кіршіксіз тазалығы көрініс тапқан. Бір өңірдің ғана емес, тұтас қазақ әдебиетінің бәйтерегіне айналған жазушылар мен журналистердің тұтас бір дәуірін, дәстүрін, қадір-қасиетін сақтап, дамытуға атсалысқан қаламгердің мол мұрасы ұлттық әдебиетімізді толықтырары сөзсіз.
Симпозиум – қаламгерлер мен оқырмандар арасындағы алтын көпір мықты туындылар арқылы байланыстыратынына сенемін. Халықаралық симпозиумды ұйымдастырушылар мен барша қатысушыларға мықты денсаулық, шығармашылық өрлеу, отбасыларына бақ-береке тілеймін!