Ербол Қарашөкеев: Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткер қаламгер

Әдебиет – ұлттың, ел мен жердің шекарасынан биік рухани құндылық...

Jun 3, 2025 - 21:12
 6
Ербол Қарашөкеев: Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткер қаламгер

Құрметті әдебиетсүйер қауым!
Классик жазушы, қазақтың көрнекті қаламгері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Барыс» орденінің иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиум жұмысына сәттілік тілеймін!
Мархабат Байғұт – оқырман жүрегіне жол тапқан, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткер қаламгер. 
Әдебиет – ұлттың, ел мен жердің шекарасынан биік рухани құндылық. Ол ешқашан руға да, жерге де бөлінбейді. Атпал азаматтың есімі мен шығармашылығы жамбылдық оқырмандарға да кеңінен таныс. 
Биыл Жамбыл облысында шығармашыл жастардың әлеуетін арттыру мақсатында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда Мархабат Байғұт шығармаларына деген сұраныстың артып отырғаны көңіл қуантады. 
Ендеше, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен танылған, оқырманның жан-дүниесін баураған сөз зергерінің рухани жолы жалғасын таба берсін!